Аты-жөні, тегі: Мухтаров Сабыржан Сагидуллинович Туған жылы, айы, күні: 07.10.1962 Білімі: жоғары, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты Жұмыс орны және еңбек өтілі: Қ.Жұбанов атындағы АӨУ (33 ж.) Факультет: Филология Кафедрасы: Теориялық және қолданбалы тіл білімі Қызметі: Доцент, Ректор кеңесшісі Ғылыми дәрежесі мен атағы: филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Марапаттары: ҚР Білім және ғылым министрлігі Құрмет грамотасы (1999), ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін БжҒМ төсбелгісі (2007), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» БжҒМ төсбелгісі (2013), Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» медалі (2017), «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері» төсбелгісі (2019), ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хаттары (2019, 2022), «Шалқар ауданының құрметті азаматы» (2023). Ғылыми жарияланымдары, кітаптары, монографиялары (саны, атауы): Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланған 200 ғылыми еңбек, оның ішінде: 1 оқу құралы, 2 көмекші оқу құралы, халықаралық Web of Science және Scopus базаларында индекстелген журналдарда 1 мақала. |