Аты-жөні, тегі: Вахитова Танзиля Фанисовна Туған жылы, айы, күні: 09.03.1988 Білімі: Жоғары оқу орнанан кейінгі білім. Аспирантура, М.Акмулла ат. Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ, Уфа қ.); «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратура, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті (Қазақстан, Ақтөбе). Жұмыс орны және еңбек өтілі: Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, жалпы еңбек өтілі – 12 жыл Факультет: Филология Кафедрасы: Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация Қызметі: Оқытушы Ғылыми дәрежесі мен атағы: 10.02.20 – Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салыстырмалы тіл білімі мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты Марапаттары: Баишев университетінің стратегиялық дамуына, білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге және имиджін арттыруға қосқан үлесі үшін бірнеше рет Баишев университеті ректорының алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған. Ғылыми жарияланымдары, кітаптары, монографиялары (саны, атауы): 40 ғылыми жұмыс, оның ішінде 2 оқу құралы: «Тілдік емес мамандықтарға арналған орыс тілі» бойынша оқу құралы (РОӘК грифімен; доцент К.М. Абильдаевамен бірлескен авторлықта) және «Үштілді білім беру: қазіргі жағдайы және даму болашағы» (доцент А.А. Ерғазинамен бірлескен авторлықта). |