Аты-жөні, тегі: Абильдаева Кениш Махановна Туған жылы, айы, күні: 27.01.1960 Білімі: Базалық – Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты. Біліктілігі: орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі (1978-1983); Аспирантура – Ресей Білім Академиясының Жалпы білім беретін мектеп институты жанындағы Орыс тілін оқыту ғылыми орталығындағы мақсатты аспирантура, Мәскеу, Ресей (1991-1994 ж.) Жұмыс орны және еңбек өтілі: Қызылорда қаласының орта мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (1983-1989); - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы (1989-2000); - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы (2000-2002); - Бәйішев университетінің шет тілдері және әдебиеті кафедрасының доценті (2002-2022); Қ.Жұбанов атындағы АӨУ доценті (2022). Жалпы еңбек өтілі – 30 жылдан астам Факультет: Филология Кафедрасы: Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация Қызметі: доцент Ғылыми дәрежесі мен атағы: 13.00.02 – орыс тілін оқыту әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты (Ресей Білім Академиясының Жалпы білім беру институты жанындағы орыс тілін оқытудың ғылыми орталығы (10.10.1994) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Аттестаттау Комиссиясында қайта аттестаттау (06.12.1996). - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестаттау комиссиясының 19.12.2003 жылғы шешімімен педагогика доценті ғылыми атағы берілді. Марапаттары: Баишев университетінің стратегиялық дамуына, білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге және имиджін арттыруға қосқан үлесі үшін бірнеше рет Баишев университеті ректорының алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған. Ғылыми жарияланымдары, кітаптары, монографиялары (саны, атауы): 100-ге жуық ғылыми еңбектер, оның ішінде 15 оқулық, сонымен қатар «Тілдік емес мамандықтарға арналған орыс тіліндегі оқу құралы» (РУМС грифімен; Т.Ф.Вахитовамен бірлескен авторлықта). |