Аты-жөні, тегі: Избасарова Гулбану Болатовна Туған жылы, айы, күні: 07.05.1969 Білімі: Жоғары. 1992 жылы «Тарих» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. 2014 - 2018 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша докторантурада оқыды. Жұмыс орны және еңбек өтілі: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, 29 жыл Факультет: Тарих Кафедрасы: Тарих және дінтану Қызметі: Кафедра меңгерушісі Ғылыми дәрежесі мен атағы: Тарих ғылымдарының докторы, профессор Марапаттары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Университеттің үздік оқытушысы-2012» атағының иегері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев белгілеген «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері (2014–2018), Еуропалық Орталық Азияны зерттеу қоғамының (ESCAS); Орталық Еуразияны зерттеу қоғамы (Американдық тарихшылар қауымдастығы CESS); Славян, Шығыс Еуропа және Еуразиялық зерттеулер қауымдастығының (ASEEES) мүшесі. «CARTI-S» -2010 бағдарламасының стипендиаты (Венгрия, Будапешт). Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі И.Тасмағамбетовтің құрмет грамотасымен наградталған (2018); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы(2006). "Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер" басым бағыты бойынша ҚР ҰҚМ комитеті қаржыландыратын ғылыми грант жетекшісі: "XVIII – 30-XX ғғ. Ұлы Даланың тарихи тұлғалары (Батыс Қазақстан материалдарында)" 2021-2023 жж. Халықаралық даму қайта құру банкі (Дүниежүзілік банк), Қазақстан Үкіметі және ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылатын "педагогикалық білім берудің әлеуетін күшейту" халықаралық жобасы шеңберінде әзірленген "тарих-қоғамтану" ББ көшбасшысы. 2022 жылы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін" медалімен марапатталған. Ғылыми жарияланымдары, кітаптары, монографиялары (саны, атауы): 150-ден астам оқу-әдістемелік және ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде: 2 монографияның («XVIII ғасырдағы қазақ-башқұрт ара қатынастарындағы саяси және этникалық үрдістер» (Ақтөбе, 2008), «Орынбор ведомствосының Қазақ даласы XIX ғасырдың I жартысындағы империялық жобалар мен тәжірибелерде». (Мәскеу, 2018), 2 оқулық («Қазақстанның ортағасырлық тарихы» (Ақтөбе, 2008), «Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы» (Актобе, 2010)), 2 электрондық оқулық және Web of Science базасының халықаралық басылымдарындағы мақалалар - 2, Scopus– 9, ВАК РФ - 22 және т.б. Хирш индексі - 2. |